Қазақстанның Бірінші лигасының бірінші туры: «Елімай» «Астана М» командасынан басым түсті
Қазақстанның Бірінші лигасының бірінші туры аясында «Елімай» екінші кездесу өткізіп, қарсыласын 6:0 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қайта құрылған «Елімай» үйде «Астана М» клубын қабылдады. Семейлік клуб кездесу барысында қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде, 7 нөмірдегі Арман Нүсіп көздеген нысанадан мүлт кетпей екі мәрте гол салды. Артынша 10 нөмірде өнер көрсетіп жүрген Еркебұлан Нұрғалиев тағы бір гол соғып, есепті 3:0 жеткізді.
Екінші кезеңде «Елімай» сапынан Нұрсұлтан Советқазы, Әлібек Жәрдемов және Мохаммед Енсебаев гол соғып, есепті еселетті.
Еске сала кетейік, Семейдің «Елімай» клубы 6 сәуірде қонақта оралдық «Ақжайық» командасымен 1:1 ойнаған болатын.
Футболшыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және одан әрі кәсіби табыстар тілейміз.
Келесі кездесу 22 сәуірде Алматыда “Жас Қыран” ФК-мен өтеді.
Алға «Елімай»!
Semeynews.kz