Футболдан Абай облысының ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары марапатталды
Семейдің “Цементник” стадионында футболдан Абай облысының ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысында 7-8, 9-11 сынып ер балалары мен 9-11 сыныптың қыз балалары арасында ұлттық мектеп лигасының футбол жарысына өтті. Біріншілікке Үржар, Бесқарағай, Ақсуат аудандарының және Семей қаласының жас спортшылары қатысты.
Облыс орталығының атынан №21 мектеп 9-11 сыныптардың қыздар командасы, №27 мектептің 7-8 сыныптардың ерлер командасы, №9 мектептің 9-11 сыныптардың ерлер командасы қатысты.
9-11 сынып қыздары арасындағы жарыста І орынды “Үржар” командасы иеленді. ІІ орынға Семей қаласының №21 мектебінің командасы шықты.
7-8 сынып оқушылары арасында “Бесқарағай” командасы І орынды еншілесе, “Үржар” командасы ІІ орынды қанжығасына байлады.
9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын “Бесқарағай” командасына берілді. ІІ орын үшін Семей қаласының № 9 ЖОББМ КММ командасы марапатталды. Бірінші сатыға Үржар командасы қайта көтерілді.
Жас футболшыларды марапаттау рәсімінде хабарлағандай, 17-20 сәуір аралығында 5-6, 7-8 сынып қыздары мен 5-6 сынып ұлдары арасында келесі жарыстар өтеді.
Сонымен қатар, бұл күндері Абай облысының ұлттық мектеп лигасының облыстық турнирі аясында “Спартак” стадионында жеңіл атлетикадан жарыс өтеді.
Semeynews.kz