Абай облысында жер заңнамасының сақталуын қадағалайды
2023 жылы Департаментке облыстың аудандық және қалалық жер қатынастары бөлімдерінен жалпы алаңы 475389,0 га жер учаскелерін нысаналы мақсаттарына сәйкес пайдаланбай отырған 237 агроқұрылым субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізу жөнінде хаттар түсті.
Бүгінгі күні Департаментпен 30 субъектіге қатысты жалпы алаңы 56003,6 га жер учаскесіне жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде 7 субьекті бойынша заң бұзушылық анықталған жоқ қалған 23 субьектісі бойынша заң бұзушылық анықталып бір жыл мерзімге нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, 72 субъектіге тексеру туралы хабарламалар берілді.
- 39 субъекті бойынша жер пайдаланушылардың ауысуына және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру базасында мал бастары тіркелуіне байланысты құжаттар кері қайтарылды. Қалған субъектілер бойынша мекен жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы қосымша 35,7 мың.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сот арқылы мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару жоспарлануда,- деді Департамент басшысы Дәулет Бижанов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Абай облыстық ведомствоаралық топ құрылды. Оның құрамына басқармалар басшылары, аудан, қала басшылығы, облыстық прокуратура, салық, жергілікті полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері бар.
Облыстық комиссияның негізгі жұмыс жоспары пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты заңнамада көзделген шараларды қабылдау.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасы бойынша республика бойынша пайдаланбай жатқан 5 млн га жерді қайтару тапсырмасы тұр. Осы ретте облыс әкімдігімен пайдаланылмай жатқан және жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы алаңы 250,0 мың.га жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы аудандар бөлінісіндегі жоспары бекітілді.
Бүгінгі күні 57 жер учаскесі, 96558,2 жер көлемі мемлекетке қайтарылып, бекітілеген жоспардың 38 пайызы орындалған.
Жер кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер, пайдаланбай жатқан учаскелерді мемлекеттік меншікке қайтару тетіктері мен Салық кодексінің 509-бабына сәйкес пайдаланылмай отырған коммерциялық мақсаттағы жерлерге 10 еселенген салық салынса, ал мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңды бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер пайдаланушыға Департаментпен нұсқама табыс етілген күннен бастап, жиырма есеге көбейеді.
Осы саладағы заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес Департаментке ҚР жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту құқығы берілді.
Semeynews.kz