Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Кесу немесе кеспеу: Заңның кері күші жоқ

Семейде қала тұрғындары “Восход” аялдамасы маңында ағаштардың кесіліп жатқанын байқады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Агенттік тілшісі анықтағандай, компанияның рұқсат қағазы бар, оған бөлімнің экс басшысы Амантай Утельбаев өткен жылдың 17 маусымында қол қойған. Сол жылдың қыркүйегінде лауазымды тұлға құрмет демалысына жіберілді. Неліктен компания сол уақытта бірден ағаштарды кесуге кіріспеді, бұл белгісіз болып қала береді, ал құжатты қайтару немесе күшін жойдыру мүмкін емес.

Қазіргі бөлім басшылығына шағымдану бүгінгі таңда негізсіз. Бір жыл бұрын шешім қабылдағандар қазір бөлімде жұмыс істемейді. Рұқсаттың өзінде “бөлім мамандары тексеру жүргізіп, сол жердегі ағаштардың қураған ағаш екенін, діңінің шіріп кеткенін және өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіретінін анықтады”деп жазылған.

Бұл ретте кәсіпкерге өтемақы жүргізу тапсырылды. Ескі ауру ағаштардың орнына бұл жерге пирамидалы теректерді, сібір шыршалары, жеміс ағаштары мен сирень отырғызылады. Сонымен қатар, олар 25 сәуірге дейін көшеттерді отырғызуға уәде берді. Ал кәсіпкердің қолындағы рұқсат қағаздың жарамдылық мерзімі ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін. Барлығы 500-ге жуық жаңа ағаш болуы керек.

Ағаш отырғызудан бөлек, кәсіпкер жасыл желектердің күтілімін бақылауға міндетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button