Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде көпірлер, қоршаулар мен жол белгілері жуылуда

Қалада көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, белгілер, бетон құрылымдар мен қоршауларды жуып жатыр. Осы аптада алаңдар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Коммуналдық қызмет жұмысшылары қар еріген тротуарлар мен жол төсемдерін тазалау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтің күштері еріген қар суынан тазалауға да бағытталған.
Жалпы алғанда санитарлық тазарту жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 80-нен астам жұмысшы мен 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ жол белгілерін, бағдаршамдарды, бағандарды жууға 3 бригада жұмылдырылды.
Semeynews.kz
