Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында су тасқыны жағдайы тұрақты

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатов Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, ықтимал су тасқынына дайындық жұмыстары толығымен жүргізілді, жағдай бақылауда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Манарбек Шапағатовтың айтуынша, әлі қар басып тұрған аумақтар 30 пайызға жуықтайды.

  • 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Абай облысының таулы аймақтарында, Үржар ауданындағы Тарбағатай жотасының беткейлерінде қар жамылғысының биіктігі қалыпты жағдайдан 2%-ға жоғары, Ақсуат ауданында 10%-ға төмен. Облыстың өзендерінде гидрологиялық жағдай тұрақты, мұз еру процесі жүріп жатыр, – деді облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.

Департамент басшысының айтуынша, Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан Бесқарағай ауданындағы Жетіжар ауылына дейін мұз жарылды, бірақ мұз қалдықтары әлі де бар. Бесқарағай ауданынан Павлодар облысының шекарасына дейін мұздың жылжуы байқалады.

  • 24 наурыз және 5 сәуірде жұмыс тобы (ЖАО, ТЖД, Ертіс бассейндік инспекциясы) облыс өзендерінің гидрологиялық жағдайына, сондай-ақ жазық және таулы аумақтардағы қар қорының жай-күйіне аэровизуалды зерттеу жүргізді. Жағдай тұрақты. Тұрғын үй секторында болуы мүмкін су тасқынының алдын алу үшін елді мекендерден 700 мың текше метрге жуық қар шығарылды,- деп қосты Манарбек Шапағатов.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қала аудандарында жағалауды бекіту жұмыстары аяқталып қалғанын және алдағы уақытта Шүлбі ГЭС-інен су жіберу бұл жұмыстың тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button