Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласы кәсіпкерлерінің назарына

ҚҰРМЕТТІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ!
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақының пайыздық  мөлшерлемесін  субсидиялау, кредиттер бойынша  кепілдік беру қағидаларына  өзгерістер  енгізілді:
Ұлттық жоба бағдарламасының индустрия-инновациялық саладағы кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау экономиканың басым секторы бойынша жүзеге асырылады. Ал егер бизнесіңізді моно және шағын қалаларда, ауылдық жерде дөңгелетіп отырсаңыз  – салаға шектеу жоқ.
• Қолыңызға тиетін ақшаның максимал сомасы 3 млрд теңге; Айналым қаражатын толықтыруға 500 млн теңгеге дейін рұқсат бар.
• Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде несие сомасы 1,5 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал егер ол кәсіпкердің қызметі экономиканын басымдық берілген секторларында болса 3 млрд теңгеге дейін беріледі.
• Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде саудамен айналысатын кәсіпкерлерге несие 100 млн теңгеге дейін беріледі.
 
Ал субсидия көлеміне келер болсақ: 
Банктің беретін несие мөлшерлемесі ҚР базалык мөлшерлемесінен +5%-ға артык болады. «Даму» Қоры соның 13,75%-ын субсидиялайды.
Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің несиесінің 14,75- ын субсидияланады.
 
Кредит бойынша кепілдік беру:
Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкелер үшін шарттар: кредит (тер) сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспауы тиіс, кепілдік мөлшері кредит сомасының 85% – нан аспауы тиіс)
Кәсіпкер үшін кепілдік беру шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 1 (бір) млрд.теңгеден аспауға тиіс.
Кепілдік мерзімі-кредит мерзімінен аспауы тиіс.
Кепілдік  мөлшері несие сомасының 85 % теңгеге дейін беріледі.
Бағдарламаға енген өзгерістер жайлы толық ақпарат Абай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-нан алуға болады. Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, К. Мухамедханова, 23а, 101 кабинет. Байланыс телефон: 8 (7222) 60-00-50.
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button