Абай облысының полицейлері көлік ұрысын ізін суытпай ұстады
Абай облысының полицейлері көлік ұрлаушыны ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға облыс орталығының тұрғыны жүгініп, белгісіз адам оның көлігін үйдің ауласынан ұрлап кеткенін хабарлаған.
Дереу барлық жеке құрам осы көлікті ұстауға бағытталған.
ЖБО бейнебақылау камераларының мониторингі барысында бұл автокөлік Қаржаубайұлы-Қабылбаев қиылысында байқалды және одан әрі оның ұсталғанға дейінгі қозғалысы “Сергек” бейнебақылау камералары бойынша инспекторлармен сүйемелденді.
ЖБО және ППБ қызметкерлерінің келісілген іс-қимылымен тәртіп бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚК-нің 200-бабы бойынша “автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену”бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.
Semeynews.kz