Семейдің әскери-техникалық мектебінде мыңнан астам маман дайындалды
Қорғаныс министрлігінің Семей қаласындағы әскери-техникалық мектебі ашылу сәтінен бастап 1 700-ден астам маман дайындады. Түлектер арасында өмірлерін әскери қызметпен байланыстырған тұлғаларда аз емес, деп хабарлайды Semey News.



Семей гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери-техникалық мектеп тарихы 1997 жылы, ДОСААФ (Армияға, авиацияға және флотқа жәрдемдесетін ерікті қоғам) оқу мекемелерінің Қорғаныс министрлігіне өтуінен басталады. 2000 жылы олар «ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып өзгерді. Сол уақыттағы оқу орнының басты мақсаты Қарулы Күштерге мамандарды дайындау болды.
Әскери оқытылған резервті дайындау 2013 жылдан басталды. Тыңдаушылар түрлі әскери мамандықтар бойынша оқытылды және оқуды аяқтағаннан кейін қазақстандық армия қатарында әскери қызмет өткеруге мүмкіндік алды.
Мектеп мамандарды ғана дайындап қоймай жастардың әскери-патриоттық тәрбиесімен де айналысады. Қазіргі уақытта Семей қаласының 28 әскери-патриоттық клубтарымен өзара байланыстар орнатылған, № 37 гимназиямен оқушылардың «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысулары туралы меморандум жасалған.
- Осы қысқа уақыт ішінде Қарулы Күштер үшін мамандар дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Түлектермен дайындық полигондарында немесе гарнизонның әскери бөлімдерінде кездесу қуантады, – деді «ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» Семей қаласындағы филиалының директоры запастағы полковник Валерий Пузиков.
Semey News.



