Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен Абай облысының қоғамдық даму басқармасы меморандумға қол қойды

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі арасында меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Меморандум мақсаты: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бағдарламасында айқындалған XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселесіне қатысты міндеттерді жүзеге асыруда өзара іс-қимыл жасау, ҚР «Діни кызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, т.б. Енді осы меморандум аясында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықта іс-әрекеттер жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ Абай облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы аймақтық білім алушыларымен кездесіп, емен-жарқын сұхбаттасты. Болашақ түлектерді туған өңірге оралуға, жаңадан ашылған облыстың жұмысын бірге жандандырып, дін саласында бірлесе қызмет етуге шақырды. Студенттер де көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Semeynews.kz