СпортТОП

Токио-2020: Олимпиада лицензияларының 70 пайызы ойнатылды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиодағы Ойындарға қатысуға арналған лицензиялардың 70 пайызы бөлінгендігі туралы мәлім етті. Осылайша, 7800-ден астам спортшы алдағы Олимпиаданың қатысушылары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалған квоталар рейтингтерге сәйкес, сондай-ақ квалификациялық жарыстар арқылы ойнатылады. Бұл ретте футбол, су добы, спорттық күрес, тректегі және шосседегі велоспорт, гандбол, көгалдағы хоккей, волейбол, құзға шығу, суға секіру, ат спортында жолдамаларды үлестіру аяқталды.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button