Семейде жастар мәслихаты құрылды

Абай облыстық жастар мәслихаты құрамына енген депутаттардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, олар өңірдегі жастардың өзекті проблемаларын ғана көтермейді, облыс пен Семей қаласындағы түйткілді мәселелерді шешудің жолдарын да ұсынады.
Абай облыстық жастар мәслихатының депутаттарын іріктеу бойынша арнайы эксперттік комиссия құрылды. Комиссия құрамына:
- Қуаныш Сүлейменов – Абай облыстық мәслихатының төрағасы;
- Ерхат Мұхамедқан – Абай облыстық мәслихаты аппаратының бас маманы;
- Айдос Төлеуханов – «Абай Жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры;
- Мадина Еділбекова – Семей қалалық мәслихатының депутаты;
- Анатолий Калинкин – Семей қалалық мәслихатының депутаты;
- Алиби Абдураимов – Жастармен жұмыс жөніндегі кеңестің төрағасы;
- Замира Мурсалимова – «Абай облыстық жастар мәслихаты» ҚҚ төрағасының м.а. енгізілді.
Жастар мәслихатына 100-ге жуық жас қатысуға ниет білдірді. Барлығының мақсат-міндеттері айқын. Әрбір қатысушының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен жастар мәселесін шешу бойынша жобалары мен бағдарламалары бар. Эксперттік комиссия шешіміне сәйкес Абай облыстық жастар мәслихатына 25 депутат іріктелді. 4 жас кадрлық резерв құрамына енгізілді.
АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН ТІЗІМІ:
№ | Т.А.Ә. | Қоғамдық қызметтері |
1 | Бутанаев Руслан Бауыржанұлы | Абай облысы бойынша «Есірткісіз болашақ» қорының үйлестірушісі, «Даналық» ҚҚ координаторы |
2 | Фархадов Ислам Фархадұлы | «Салауат» ЖҚБ жетекшісі, Шәкәрім университетінің «Қазақстан студенттерінің альянсы» РСҚ төрағасы |
3 | Мұқанов Думан Серікұлы | Жеке кәсіпкер |
4 | Қанағатова Эльмира Алмасовна | Шәкәрім университетінің спикер орынбасары |
5 | Тельжанов Қуаныш Саятұлы | Абай облысы «Қазақстан студенттерінің альянсы» РСҚ төрағасы |
6 | Әмір Мұратқалиұлы | Ғылым және Жоғары білім министрлігінің жанындағы кеңес мүшесі |
7 | Утегенов Асанали Мейрамбекович | «Academy of Kindness» еріктілер ұйымының жетекшісі |
8 | Токеева Мадина Ринатовна | «Жастар рухы» ЖҚ мүшесі |
9 | Заманбек Бекзат Шынғысбекұлы | «Жастар рухы» ЖҚ мүшесі |
10 | Кыдырхан Дана | «BYDANA» ЖК директоры, «Жастар рухы» ЖҚ Абай облысы «Жастарға кеңес» проект-менеджері |
11 | Мұратхан Ерсын Мадиярұлы | Alikhan Bokeikhan University студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағасы |
12 | Сүлейменов Нұрбол | «Шығыс жастары» ҚҚ директоры |
13 | Тукиеева Асель Газезовна | «Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі |
14 | Дуйсенова Аяулым Асетовна | «AQ-NIET» волонтерлік ұйымының төрайымы |
15 | Өрлеубек Ерсінбек | «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а |
16 | Жумаханов Казез Рашитович | Бесқарағай ауданы, Ерназар а.о. «Сосновка орта мектеп» КММ, Ағылшын тілі пәні мұғалімі |
17 | Жұманова Айгерім Жұманқызы | Үржар ауданы, Таскескен ауылы «Ақтанберді атындағы орта-мектеп-бақша КММ» химия-биология мұғалімі, «Орындалған 100 арман» атты жоба жетекшісі |
18 | Бөлекбай Мадияр Баймұратұлы | Үржар ауданы, Таскескен ауылы «Алтынсарин атындағы ОМ» тарих пәні мұғалімі |
19 | Александр Страшков Юрьевич | «Абай облысының Достық Қоғамдық келісім үйі» КМҚК әдіскері |
20 | Игенбердыева Сағыныш Муратбекқызы | Шәкәрім университетінің спикер орынбасары |
21 | Мейрамғалиев Сұлтан | Бесқарағай ауданы, CSL Group проект-менеджері |
22 | Нұролла Еркебұлан Нұрланұлы | «Геологиялық-барлау колледжі» КМҚК Студенттік парламентінің төрағасы |
23 | Берікбаева Дина Ерболатқызы | №46 ЖОББМ хатшысы |
24 | Илғыбаев Фархат Әділбекұлы | «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ маманы |
25 | Иебаева Айгерим Болатбековна | «Абай облысының жастары» ұйымының мүшесі |
Абай облыстық жастар мәслихатының кадрлық резерві:
Капасов Адиль Кайратович | Шәкәрім университетінің «Жастар рухы» ЖҚ мүшесі |
Вафин Данияр Дулатович | Бесқарағай ауданы, «БГП» ЖШС сорғы қондырғыларының машинисі |
Иса Іңкәр Серікқанқызы | Үржар аудандық кітапханасына қарасты Қарабұта ауылдық кітапханасында кітапханашы |
Құрманғажы Бахтияр | Үржар ауданының Қарақол ауылының мәдениет үйінде актер, ұлттық жекпе-жектен жаттықтырушы |
«Облыстық жастар мәслихатына үміткерлермен әңгімелесу өтті. Оған 100-ге жуық адам қатысты. Олар абаттандыру, экология және адам құқықтарын қорғау бойынша өз жобаларын ұсынды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жайы да сөз болды. Жас кәсіпкерлер өздерінің сайты мен жұмысын таныстырды. Эксперттік комиссия шешімімен Абай облыстық жастар мәслихатына 25 депутат іріктелді. 4 жас кадрлық резерв құрамына енгізілді», – дейді «Абай облыстық жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Замира Мұрсалимова.
Жастар мәслихаты құрамына әр салада жұмыс істейтін жастар енген. Олардың ішінде кәсіпкер де, мұғалім де, ғалым да, еріктілер де бар. «Бұл жастар облыстық мәслихат депутаттарына көмекші ретінде жұмыс істейді. Сөйтіп, өздеріне тәжірибе жинайды, шыңдалады. Кейін кадрлық резервке кіреді. Жастар мәслихатын құру бастамасын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев та қолдады», – дейді Абай облыстық мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов.
Semeynews.kz