Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП

Семейде рұқсат етілмеген аумаққа қоқыс төккен тұрғынға айыппұл салынды

Абай облысы ПД берген айқпаратына сәйкес, аталған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция органдарына 13:20-да 102 нөміріне Кирпичный кентіндегі рұқсат етілмеген аумаққа қоқыс төкені жүргізушісі туралы ақпарат келіп түскен.

Көп ұзамай Кирпичный кентіндегі учаскелік инспекторлардың арқасында, жоғарыда аталған автокөлік иесі ұсталды. Полицейлер 1962 жылғы қала тұрғынының атына әкімшілік хаттама толтырып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қаланың шеткері аумақтарындағы бірнеше қоқыс полигондары жойылған болатын. Ондағы мақсат- қаланы қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту. Дәл осындай қоқысты белгіленбеген жерге төгетін азаматтардың кесірінен, қаланы қоқыстан түпкілікті арылту мүмкін болмай тұр.

Барша тұрғындарды сүйікті қаламызды таза ұстауға шақырамыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button