Экологиялық екіайлық аясында Семей қаласының әкімдігі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін шығару бойынша жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қалалық коммуналдық қызметтермен ауқымды іс-шаралар атқарылуда:
– Шығыс тұрғын массивінде 5 бірлік техника тартылып, 140 м3 астам қоқыс шығарылды;
– Кирпичный кентінде 7 бірлік техника тартылып, 600 м3 қоқыс шығарылды;
– Степной кентінде 5 бірлік техника тартылып, 300 м3 қоқыс шығарылды;
– РСУ-1 3 бірлік техника жұмылдырылып, 200 м3 қоқыс шығарылды;
– Березовский кентінде 3 бірлік техника тартылып, 100 м3 қоқыс шығарылды.
Қазіргі уақытта жұмыстар әлі де жалғасуда. Осы жұмыстарға 20-дан астам техника жұмылдырылып, 1 340 м3 қоқыс шығарылды.
Semeynews.kz