Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде жүк тиегіш өртенді

Алдын ала болжам бойынша, өрт шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 07 сәуірде “112” пультіне Семей қаласында автомагистральдық айналмасы ауданында тиегіш жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде қозғалыс кезінде қозғалтқыш бөлімі мен жүк тиегіш кабинасының бір бөлігі жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер өртті 5 шаршы метр аумақта жойды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Semeynews.kz