ДенсаулықҚазақстанҚоғамМӘМСТОП

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күнінің маңызы әр адамның назарын денсаулық мәселелеріне аудартып, денсаулықтың өмірде қаншалықты маңызды екендігін түсіндіндіру болып табылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тұрақты медициналық тексерулер мен скринингтерден өту, физикалық белсенділіктің болуы және жақсы ұйқы сізге ұзақ және салауатты өмір сүруге мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.

️Қазақстанда скринингтік тексерулердің көпшілігі медициналық сақтандыру жүйесінің бөлігі ретінде тегін жүргізіледі.

Жыл сайын 0-5 жас аралығындағы балалар мен 18 және одан жоғары жастағы ересектер үшін белгіленген кестеге сәйкес тегін жоспарлы скринингтер өту маңызды.

Физикалық белсенділік дененің жалпы жағдайын және ағзадан токсиндерді кетіретін лимфа жүйесінің жұмысын жақсартатынын ұмытпаңыз. «Қозғалыс – өмір» деп бекер айтылмаған.

Дұрыс тамақтану денені витаминдер мен минералдардың қажетті нормасымен қамтамасыз ете алады. Біз не жейтініміз ғана емес, сонымен бірге қанша жейтініміз, қашан жейтініміз және белгілі бір тағамдарды қандай комбинацияда жейтініміз маңызды.

Дұрыс ұйқы адамға физиологиялық тұрғыдан қажет және физикалық және психикалық денсаулықтың маңызды шарты болып табылады.

Медициналық сақтандыру қорының бірінші кезектегі міндеті тек ірі қалаларда ғана емес, ауылдар мен аудандарда да сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екенін еске саламыз.

«Сақтандырылған» мәртебесіне ие бола отырып, сіз қосымша төлемсіз медициналық қызметтердің кең спектрін ала аласыз.

Медициналық сақтандыру қорымен денсаулығыңызды күтіңіз!!!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button