Семей қаласының әкімі тұрғындарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады

Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды әр апта сайын тұрақты түрде қабылдауда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Тұрғындарды қабылдау барысында барлығы 15 өтініш қаралды. Тұрғындарды сумен қамту, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар балаларға берілетін білім, баспанамен қамту және тағы да сол сияқты маңызды мәселелер толғандырады.
Қала басшысы қабылдауға жазылған қала тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Ол азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдай келе, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін айтса, ал бірқатары бойынша шешімнің заңды жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, қала әкімнің орынбасарлары Р.Досмағанбетов және Р.Базарбаев та өздері кураторлық жасайтын салалар бойынша азаматтардың жеке сұрақтарын тыңдап, тиісті жауаптарын берді.
Semeynews.kz