Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семей тұрғындарын «Халық қатысатын бюджет» жобасына дауыс беруге шақырады
«Халық қатысатын бюджет» жобасы (бұдан әрі – жоба) шеңберінде жобалық ұсыныстарға дауыс беру 2023 жылғы 6 – 24 сәуір аралығында өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Дауыс беруге қаланың барлық тұрғындары қатыса алады.
Жобаның шарттары бойынша сайттың басты бетіндегі «Пайдалы сілтемелер» кіші бөліміндегі «Халық қатысатын бюджет 2023» бөлімінде қала әкімдігінің интернет-парақшасында, бір адам, бір жобаға дауыс бере алады.
Сізге, жобалық ұсынысқа дауыс беру үшін:
- ЭЦҚ кілті арқылы Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында тіркелу керек.
- «Халық қатысатын Бюджет 2023» бөліміне өту.
- Жобалардың бірінің бетіндегі белсенді «Дауыс беру» түймесін басыңыз.
- Алдыңғы кезеңдердің барлығын орындағаннан кейін сіздің дауысыңыз тіркеледі.
50 тұрғыннан кем дауыс берілген жобалық ұсыныстар, іске асырылуға жіберілмейді.
Semeynews.kz