ҚР ІІМ-нің қарамағындағы көлік құралдарын тіркейтін ақпараттық жүйенің уақытша жұмыс істемеуіне байланысты барлық өңірлердегі МХҚО-ларда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
МХҚО ақпараты бойынша, жауапты органдар ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
МХҚО-ларда өтініштерді қайта қабылдау туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Semeynews.kz