Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамСемейТОП
Абай облысының Көкпекті ауданында алғаш рет саңырауқұлақтар өсіріле бастады
Айына шамамен 880 келі өнім алу жоспарлануда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы Көкпекті ауданының жас кәсіпкерлері Руслан Губанов пен Айдын Қамшыбаев ауданда бұрын болмаған жаңа кәсіп түрі – саңырауқұлақ өсірумен айналыса бастады.
Олар биылғы жылы бұл кәсіпті қолға алып, аудан тұрғындарын саңырауқұлақтармен қамтамасыз етуге дайын.
Бүгінгі күні 110 саңырауқұлақ блогында саңырауқұлақтар өсуде. Әрбір блоктан айына 8 кг өнім алуға болады. Қазіргі таңда олар саңырауқұлақтың “Королевская вешенка” сортын өсірумен айналысуда.
Жас кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 2,5 % несие алып, саңырауқұлақтың тағы 6-7 түрін өсіріп, кәсіптерін ары қарай дамытуды жоспарлап отыр.
Semeynews.kz