Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысында 7 мамырға қарай ауқымды керуенді іске қосу жоспарлануда

Қазіргі уақытта Абай облысында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Қалалық ардагерлер кеңесінде “Semeynews.kz” АА тілшісіне айтқандай, қалада салтанатты іс-шаралар мен акциялар сәуір айынан басталады. Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Абай – Семей-Мақаншы бағыты бойынша ауқымды үгіт-насихат жүргізу жоспарлануда.

“Бүгінгі таңда қала бойынша Ардагерлер кеңесінің құрамына 160 бастапқы ардагер ұйымдары кіреді. Жалпы Семейде 51 мыңға жуық зейнеткер бар. Ардагерлер кеңесі жастар ұйымдарымен және оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді. 7 және 9 мамыр мерекелері қарсаңында белсенді жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Мәселен, 7 сәуір мен 7 мамыр аралығында Абай облысының тұрғындары, ардагерлері мен жастары арасында әскери-патриоттық айлық жарияланды. 25 сәуір мен 29 сәуір аралығында “Керуен”, “Әкелер даңқы жолымен” – «Дорогами славы отцов» атты әскери – патриоттық үгіт-насихат науқаны өтеді. Әскери-патриоттық акцияның тарихи маңыздылығын ескере отырып, үгіт-жорық бағытын Абайдың туған жерінен бастауды жоспарлап отырмыз. Керуеннің басталуына арналған салтанатты митингке ардагерлер, жастар мен әскери қызметшілер қатысады. Мұндай шешімді Абай облысының әкімдігі мен мәслихаты, Абай облысының әскери гарнизонының бастығы, Қорғаныс істері департаменті, мәдениет және спорт департаменті, Абай облысының білім басқармасы, қала және облыс ардагерлер кеңесі қабылдады”, – деді Семей ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов.

Үгіт-жорығын ұйымдастыру үшін УАЗ, 1-БТР және бірнеше автобус бөлінеді. Делегация құрамы қала мен облыс ардагерлері кеңесінің тізіміне сәйкес бекітіледі. Керуен Абай ауданының Қарауыл ауылынан бастау алады, содан кейін Семей қаласының орталық алаңына, одан Жарма ауданының Шар қаласына,  Қалбатау ауылына, Аягөз қаласы мен Үржар ауылына барады. Керуеннің соңғы нүктесі Мақаншы ауылы болмақ.

Жеңіс күніне келетін болсақ, 9 мамырға дейін ардагерлер кеңесі мен әкімдік өкілдері соғыс ардагерлерін үйде құттықтауды жоспарлап отыр.

“Қазіргі уақытта қалада Ұлы Отан соғысының 9 ардагері бар, олардың бірі Ленинград блокадаiscs. Сондай-ақ, қалада екі мыңға жуық тыл еңбеккерлері тұрады. Біз соғыс ардагерлерін әкімдікпен бірлесіп, биыл 9 мамырға дейін құттықтауды жоспарлап отырмыз, сондықтан ардагерлерге тек Жеңіс күні ғана назар аударылмайды”, – деп қорытындылады Кенжебай Бердікенов.

Бірақ биылғы жылы дәстүрлі Жеңіс шеруі өтетіні, не өтпейтіні әлі белгісіз. Бұл туралы жергілікті билік шешім қабылдауы керек. Бұл туралы әкімдікте әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Фото – ашық дерек көздерінен.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button