Семейде жер үйдің төбесі құлады, екі адам құтқарылды
Семей қаласының құтқарушылары құлаған шатыр үйіндісінің астынан әйел адам мен баланы құтқарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, сағат 09:34-те Семей қаласының «112» пультіне Сырлыбаев көшесінде жеке үйдің төбесі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, өтініш берушінің айтуынша, үйде балалар бар.
Оқиға орнына Абай облысының құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына шықты.
Сағат 09:42-де шақыру орнына келгеннен кейін, қонақ бөлмесінде тұрғын үйдің төбесі құлағаны анықталды. Құтқарушылар дереу барлауға кірісті.
Барлау барысында үйінділердің астынан құтқарушылар 1982 жылы туған әйелді, 2022 жылы туған жас баланы құтқарды.
Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 2012 жылы туған қызы өз бетінше шықты, ал 2020 жылы туған баланы көршісі құтқарды.
Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін зардап шеккендердің барлығы Семей қаласының ЖМЖА-ға жатқызылды.
Алдын ала құлау алаңы 24 шаршы метрді құрады.
Құтқару операциясына барлығы Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 11 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Абай облысы ТЖД қырағы болуды және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!
Төтенше жағдай туындаған кезде “101” немесе “112”нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!
Semeynews.kz