
15 мамырда Семей қаласында мониторингтік топтармен 305 нысан тексерілді. Соның ішінде күнделікті мониторинпен “жылу картасына” кіретін 298 нысан қамтылды. 6 бұзушылық (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзу) анықталды. Толтырылған хаттамалар жоқ. Өндірілген айыппұлдар жоқ.
Риддер қаласы бойынша 5 рейд жүргізілді, 72 нысан тексерілді. Шара барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Курчатов қаласы бойынша 28 кәсіпкерлік нысандары тексерілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша мониторингтер Абай, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, Ұлан, Үржар және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.