Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде жаяу жүргіншілер белгілері орнатылуда

Семей қаласында “Қорғау” жол белгісін орнату жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің жетекшісі Медет Алтаевтың мәліметінше, ағымдағы жылы қала ішіне дәл осындай отызға жуық белгі орнатылатын болады. Бұл жол белгілеріі тұрғындардың жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілеріне жарық диодтары мен кернеу блогы орнатылған. Жол бағанының жоғарғы жағында жарықдиодты ұяшықтарды қуаттандыратын күн батареясы орналасқан.

Бұл жол белгісі жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейді. Жарықдиодты батареялар күнге шағылысатын арнайы пленкамен жабылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button