“Тергеу әрекеттерi жүріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Қыздың денесі көпқабатты үйдің маңынан табылған. Тергеушілер анықтағандай, ол өлім алдында зорланған. Жергілікті полиция күдікті, Зугдиди қаласының 57 жастағы тумасы, бұрын сотталған Бесик Тордуаны қызды зорлап, өз-өзін өлтіруге итермеледі деген айыппен қамауға алған. Өлер алдында Әсем құрбысына Тордуамен сөйлескен сәтінің бір сағаттық аудиожазбасын жіберген. Грузияның Бас прокуратурасы Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып таққан болатын.
Semey News.