ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 16 мамырда таңертеңгілік уақытта Қозбағаров көшесі бойында жол-көлік оқиғасы орын алған. Автокөлік бағанаға соғылып, жақын маңайдағы тұрғын үйлер электр қуатысыз қалды. Куәгерлердің айтуынша, көліктің жүргізушісі мен жолаушы мас күйінде болған.
- Қозбағаров көшесі, 23-үй мекенжайындағы тұрғын үй толықтай жарықсыз қалды. Оқиға орнында көліктің сынық бөліктері ғана қалды. Көліктің нөмірін жұлып алып өздерімен бірге алып кетті, – деді үй тұрғындарының бірі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Тәртіп сақшылары бақылау камераларын қарастырып тәртіп бұзушыларды іздестіруде.
Semey News.