Абай облысыҚоғамСемейТОПЭкономика

Абай облысының әкімі ресейлік компания өкілдерімен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев FESCO компаниясының Жобалық қызмет жөніндегі директоры Полина Дубенкомен, Техникалық жоба менеджері Анархан Куразовпен, Терминалдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директоры Александр Карпунинмен және FESCO-Достық Бас директоры Александр Порядинмен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында Абай облысының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту мәселесі, атап айтқанда, Аягөз-Бақты теміржол желісінің бойындағы құрылыс аймағында контейнерлік терминалдар мен құрғақ портты салуға және басқаруға Fesco компаниясының қатысуы талқыланды.

Айта кетер болсақ, Абай облысын дамытудың кешенді жоспарында Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы учаскесінде темір жол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру қарастырылған.

«FESCO» компаниясы порт, теміржол және интеграцияланған логистикалық бизнес саласындағы активтері бар Ресейдегі ірі жеке көлік-логистикалық компаниялардың бірі болып табылады. FESCO Ресей Федерациясының Қиыр Шығысы арқылы сыртқы сауда теңіз желілері бойынша Азия елдеріне, жағалаудағы теңіз желілері бойынша және теміржол арқылы контейнерлік тасымалдауда көшбасшы, сонымен қатар Қиыр Шығыс аймағындағы ең ірі порттық контейнерлік оператор болып табылады.

Еске сала кетейік, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Мәскеуде ресейлік «FESCO», АҚК «Система», «Интер РАО – Экспорт», «Мираторг», АО «Башкирская содовая компания», «Росспецмаш» қауымдастығы, ООО «WILDBERRIES»,  ООО «ФосАгро-Регион», АҚ «Апатит» сынды ірі компаниялардың өкілдерімен кездескен болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button