Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында егістік алқабы ұлғаяды

Аудандардың мәліметтеріне сүйене отырып 2023 жылға егіс алқаптарының болжамы жасалды. Оның жалпы көлемі 743,6 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артық, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, биыл күнбағыс егістігі 12,4 гектарға, мал азықтық дақылдар 4,5 гектарға ұлғаяды.

  • Себебі, күнбағыс ең қажетті дақылдардың бірі. Сонымен қатар әр шаруашылықта дақылдарды алмастыру жүргізіледі. Биыл кейбір шаруа қожалықтары жоспарланған егу жұмыстарына сәйкес күнбағыс өсіреді, – деді Анзор Абаев.

Қазіргі уақытта тұқымдық материалдар тексерілуде.

  • Көктемгі науқанды техникалық жабдықтау мәселесіне келсек, көктемгі дала жұмыстары үшін облыста қажетті тракторлар, топырақ өңдейтін және егетін техникалар бар, жөндеу және дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыс түрлерін жүргізу үшін 12 900 шынжыр табанды және дөңгелекті техникалар пайдаланылады, – деді Анзор Абаев.

Облыс бойынша егіс жұмыстарына Павлодар мұнай өңдеу зауытынан 19,3 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Операторлардың шығындары ескеріле отырып, облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 207-210 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда аудандарға 1,6 мың тоннаға жуық жанармай жөнелтілген.

  •  Биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 1,3 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 579,6 миллион теңгеден астам сомаға 25 өтінім мақұлданды- деп түйіндеді сөзін Анзор Абаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button