Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысында колонияға телефон кіргізу әрекеті тоқтатылды

Абай облысында ҚАЖД №20 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттың түзеу мекемесінің аумағына кіруіне жол бермеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке кәсіпкерде шебері колонияға қалпына келтіру үшін есік әкелген. Алайда, затта тосынсый жасырылған болып шықты. Сканерлеу кезінде есіктен тыйым салынған заттар табылды.

“Есіктен полиэтилен пакетке оралған телефон мен SIM картасы  сонымен қатар USB сымы табылды. Олардың барлығы оқшаулаудың ішіне жасырылған. Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, — деді қызметкерлер.

Әңгімелесу барысында құқық бұзушы бұл тыйым салынған заттар сотталғандардың біріне арналғанын айттып берген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button