Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде темір жол жиектері қоқыстан тазартылады

”Ғарыш сапары” космо мониторингінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласының ішінде және шеткері аумақтарында 300-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері бар, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда қалалық әкімдік қоқыс үйінділерін жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалаға кіреберіс жолдарды пойызбен аралап, темір жол жиегіндегі қоқыстарды тазалауды тапсырды. Сондай-ақ, тексеру жұмыстарына “ҚТЖ” ҰҚ” АҚ Семей филиалының бастығы В. Бабиченко және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

“Теміржол жиектерінде шашылып жатқан қоқыстар өте көп. Бұдан қаламызға келетін қонақтар кері әсер алулары мүмкін. Сондықтан, қалаға кіреберіс теміржол жиектері мен тас жолдардың маңындағы барлық қоқыстарды жинауымыз қажет. Әсіресе осы екіайлық аясында “Пристань”, “Жаңа Семей”, “Треугольни” аймағында санитарлық тазалықты назарға алуымыз керек”, – деді қала әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button