Абай облысыВизитҚоғамСемейТОП

Инклюзивті жұмыс өте маңызды сала – Данияр Қадыров

Ақпарат және қоғамдық даму вице- министрі Данияр Қадыров “Жанұя”  отбасыны қолдау орталығында болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Орталық директоры Анар Сүлейменова осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстармен таныстырып, ерекше қажеттілікті керек ететін балаларды қоғамға бейімдеу туралы айтты.

Бұл орталықта балалардың қажеттілігі үшін барлық жағдай жасалған. Дене шынықтыру жаттығулары ғана емес, сонымен қатар психологиялық көмектер көрсететін бөлме және психолог мамандар жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта орталық басқа ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр. Себебі бұл келушілер үшін  ыңғайлы болып отыр.

Орталық жұмысымен танысқан вице-министр өз қолдауын білдірді. Сонымен қатар осы бағытағы жұмыстарға еріктілерді тарту керектігін айтты.

  • Қазір жақсы тәжірибе бар Жапония елінде. Ол жердегі бейімдеу орталықтарында әр бала үшін маман бекітілген. Олар баланың қасында үнемі бірге болып, қолдау көрсетіп отырады. Осы бағытта біздің еріктілерді тартуға болады деп ойлаймын. Қазір еріктілердің институты елімізде жақсы дамып келеді,-деді Данияр Қадыров.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button