Семейде автобустарды жуу бойынша тасымалдаушыларға қойылатын талаптар күшейтілді

Қалалық әкімдік тасымалдаушы кәсіпорындарға тазалық талабын күшейту туралы тапсырма берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қаласында қоғамдық көлік жүйесіне 3 автобус паркі қызмет көрсетеді.
“Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік. Күн сайын жұмыс басталар алдында автобустардың іші-сырты жуылатын болады”, – деді қала әкімдігінде.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің хабарлауынша, рейстер арасында ластануына қарай күніне бірнеше рет көлік ішін тазалау талабы қойылған. Осы іс-шаралар бойынша тасымалдаушылар күн сайын жасаған жұмыстарының фото, видеосын күні мен уақытын белгілей отырып көрсетіп отырады.
Егер сізде автобустардың санитарлық жағдайына қатысты ескертулер болса, сіз фото немесе бейнетіркеу жасап, +7 (747) 752-26-84 WhatsApp мессенджеріне жібере аласыз.
Semeynews.kz