Абай облысы бойынша медициналық сақтандыру қорының директоры Ғалымжан Әбілов Шар қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерімен есептік кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
30 наурызда Ғалымжан Әбіловтың Шар қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерімен кезекті кездесуі өтті, шараға Шар қаласының әкімі Роза Қыдырбаева, Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасары Гүлназ Танатарова және Шар аудандық ауруханасының бас дәрігері Айбек Қарсақбаев қатысты.
Кездесу барысында Ғалымжан Нұржаубайұлының медициналық сақтандыру жүйесі аясында ауданда медициналық қызметтердің қолжетімділігі туралы баяндамасы тыңдалды. Мәселен, Шар қаласында қазіргі уақытта сақтандырылмаған халықтың азаюы байқалады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Абай облысының филиалы 66 жеткізушімен, оның ішінде жекеменшік – 33 және 33 мемлекеттік жеткізушімен шарт жасасты. Шар қаласына келетін болсақ, өткен жылы 700 млн теңгеден астам қаражат қаржыландырылды, ал 2023 жылы 800 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Медициналық субъектілері Халыққа ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін бірнеше рет атап өттік. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған ақылы қызметтер ғана төленеді.
Мақсатты топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Шар аудандық ауруханасында 60 млн теңгеден астам сомаға 2000-нан астам пациент қамтамасыз етілген.
Брифинг аясында Денсаулық сақтау саласының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы айтылды. Іс-шара соңында медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры және Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасарымен аудан тұрғындары жеке қабылдау өткізді.
Semeynews.kz