Семейде Абай облысының ТЖД ту тапсыру салтанатты рәсімі өтті

30 наурызында Семей қаласы офицерлерінің гарнизондық үйінде Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне ту тапсыру салтанатты рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші Вице-министрі Қүлшімбаев Ибрагим Дәукесұлы Департаменттің жеке құрамы мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлерінің алдында салтанатты жағдайда ТЖД бастығы Абай Манарбек Шапағатовқа туды табыс етті.
Жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында салтанатқа дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған “Жас Ұлан” мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының кадеттер шақырылды.
Ибрагим Күлшімбаев Департаменттің жеке құрамын ту алуымен құттықтады. Сондай – ақ, ту адалдықты мен батылдықты бейнелейтін негізгі әскери рәміздердің бірі екеніне назар аударды.
“Барлық қатысушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, денсаулық пен Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін қажырлы еңбекте, жігер мен табыс тілеймін!”– деді ол.
Сондай – ақ, іс-шара барысында азаматтық қорғау органдарының ардагері Нұржан Райымов құттықтау сөз сөйлеп, Абай облысы ТЖД басшылығына алғысын білдіріп, барлық қызметкерлерді осы айтулы күнмен құттықтады.
Салтанатты рәсім мерекелік концертпен аяқталды.
Іс-шарадан кейін Ибрагим Күлшімбаев 68303 әскери бөліміне барып, жеке құрамды, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің майор Мұсаипов Сергей Нұрғалиұлын осы бөлімнің командирі лауазымына тағайындау туралы, бұйрығымен таныстырды.
Semeynews.kz