Абай облысыВизитҚоғамСемейТОП

Қуаныш Елікбаев Абай облысындағы ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жұмыс сапарымен Абай облысына келіп, облыс әкімдігінің және ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу үшін құрылған аймақтық штаб туралы сөз қозғалды.

Тарихи тұрғыдан алғанда Семей – отандық метрологияның даму ошағы. Осыдан 100 жыл бұрын аспаптардың өлшеуге жарамдылығын анықтау мақсатында Омбы тексеру палатасының Семей бөлімшесі ашылып, отандық метрологияның қалыптасуы мен дамуы басталды.

  • Техникалық реттеу мәселелерін шешу үшін Өңірлік штаб құрдық. Бұрын мұндай штабтар өңірлерде жұмыс істеген, бірақ кейіннен таратылды. Басты мақсат – стандарттау, техникалық реттеу мәселелерімен жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді біріктіріп, ортақ талқылаудан кейін орталық мемлекеттік органдарға өз мүдделерімізді жеткізу. Бұл мамандандырылған ашық алаң үнемі ұйымдастырылатын болады, – деді Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.

Өңірлік штабқа мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП-ның және басқа да мекемелердің өкілдері енген.

  • Техникалық реттеу комитетінің және аккредиттеу, стандарттау, метрологиядан бастап, сертификаттау жөніндегі органдарға, зертханалар мен сарапшы-аудиторларға дейінгі барлық техникалық реттеу субъектілерінің міндеті – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,- деді Қуаныш Елікбаев.

Кездесу барысында бизнес өкілдері мен жұртшылық көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, түсіндірмелер алды. Одан кейін азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button