Семейде 235 абонент сусыз қалды

Теміржол вокзалы ауданындағы магистральдық темір жолдардың астындағы су құбырынан судың ағуына байланысты, 654 км және Чехов көшелеріндегі Д-250 мм шойын су құбыры желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Осыған байланысты сумен жабдықтау мына мекенжайларда уақытша тоқтатылды:
Аймауытов көшесі 145, Аймауытов көшесі 147, Чехов көшесі 93/1, Чехов көшесі 90, Чехов көшесі 104, Чехов көшесі 97, Чехов көшесі 106, Чехов көшесі 100, Чехов көшесі 93, “Горка” қазандығы және жеке сектор – 10 абонент.
Сусыз қалған 235 абонентке су жеткізу ұйымдастырылады.
Сумен жабдықтауды тезірек қалпына келтіру мақсатында барлық қажетті техника мен өзге де ресурстар жұмылдырылды.
Жөндеу жұмыстарының аяқталу уақыты-шамамен 24 сағат.
Semeynews.kz