Абай облысында ономастикалық комиссия отырысы өтті

Абай облысында көрнекті тұлғаларға ескерткіш орнату және нысандарды, көшелерді қайта атау, атау беру мәселелері қарастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыста көрнекті тұлғаларға ескерткіш тақталарын орнату және жерлеу орындарына жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру жөнінде екі сұрақ қарастырылды.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша бірқатар көрнекі тұлғаларға мемориалдық тақталарды орнату бойынша шешім қабылданды. Басқармаға археологтармен бірге отырыста қаралған мазарларға барып, олардың тарихи-мәдени маңыздылығын анықтау тапсырылды.
Сонымен қатар, Абай облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма және Үржар аудандарынан объектілерді, көшелерді қайта атау, атау беру бойынша келіп түскен ұсыныстар қаралды.
Semeynews.kz