Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП

Семейлік тұрғынды тонамақ болған күдікті ұсталды

Күдікті анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ағымдағы жылдың басында Орталық ПБ-не қала тұрғыны жүгініп, 20-25 жас аралығындағы азиялық келбетті бейтаныс жігіт облыс орталығындағы дүкендердің бірінің жанында зорлық-зомбылық қолдану арқылы оның “САМСУНГ” маркалы ұялы телефоны мен әмиянын ашық иемденуге тырысқаны туралы хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала полицейлері күдіктіні анықтады, ол 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Күдікті кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері одан пышақ тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button