Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП
Абай гарнизонының әскерилері гір тасын көтеруден сынға түсті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері гір тасын көтеріп дүбірлі додаға түсті. Қарулы күштердің ХХ спартакиадасы аясында өткізілген турнирдің бұл іріктеу кезеңі болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жарыс ережесі бойынша турнирге қатысушылар гір тасын серпе және жұлқып көтеру әдістері бойынша сынға түсті. Алғашқы бөлімде әскери қызметшілер 24 келі екі гір тасты бірге көтерсе, келесі бөлімде бір гір тасын екі қолға алма-кезек ауыстырып көтеру арқылы өз бақтарын сынады. Әрбір спортшыға небары он минут уақыт берілді.
- Жарыс өз деңгейінде өтуде. Қарсыластар осал емес. Аягөз гарнизонынан өзім баптаған шәкірттеріммен бірге келіп отырмын. Әзірше, барлығы жоспардағыдай. Біздің әскери бөлімнің намысын қорғаушылар жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. Аягөзге қоржынымыз медальға толып, олжалы қайтатын сияқтымыз. Жалпы, әскери қызметшілерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағыттаған осындай шаралар жиі болса, қуанышымда шек болмас еді, – дейді 10810 әскери бөлімінің взвод командирі 3 сыныпты сержант Сұңқар Қуанышев.
Semeynews.kz