Абай облысыБілімҚоғамҚұрылысСемейТОП

Мұхтар Әуезов білім алған еліміздегі тұңғыш мұғалімдер семинариясы қалай жаңғыртылады?

Семейдегі ең көне оқу орындарының бірі – педагогикалық колледжді жаңару күтіп тұр. Ескі қазандықтың орнына заманауи концерт залы пайда болады. Абай облысының әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ арасында тиісті келісімдер жасалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Колледж ғимаратын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда.

Еске салайық, былтырғы жылдың 19 маусымында Нұрлан Ұранхаев Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барған болатын. Колледж директоры Шағангүл Жанаева қазандықтың жағдайына шағымданып, акт залын салуға көмек сұраған болатын. Колледж өкілдерін тыңдаған облыс әкімі аталған мәселелердің шешімін табуға уәде берген.

Биылғы жазда Абай облысындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқу корпусы мен жатақханасын жылы дәлізбен қосу жоспарлануда.

Акт залы 2 қабаттан тұратын болады.Бірінші қабатта гардероб, грим бөлмелері, костюм бөлмесі, музыкалық аспаптар мен реквизиттерге арналған қоймалар орналасады.

Екі қабатты ғимараттың көрермен залының сыйымдылығы 300 адамды қамтитын болады.

Екінші қабатта хореографиялық және вокалдық залдар, оқу кабинеттері және басқа да кабинеттерді орналастыру жоспарлануда.

Бұл тарихи мекеме 1903 жылы 3 шілдеде ашылды. 1963 жылы педагогикалық училище болып ашылды. 1967 жылы М.Әуезов есімі берілді. 1992 жылы 22 мамырда педагогикалық колледж болып өзгертілді.

Осы оқу орнында «Алаш» партиясының мүшелері Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов; көрнекті тұлғалар Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Әзілхан Нұршайықов, Қасым Аманжолов, Шәкен Айманов және т.б. білім алған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button