Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында үш адам көміртегі тотығымен уланды

ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылында болған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Пешті жылытудың дұрыс пайдаланылмауына, атап айтқанда, мұржаны уақтылы тазартпауына байланысты 1968 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған бала ауыр дәрежедегі уланып, Жарма ауданының орталық аудандық ауруханасының реанимациясына жатқызылды. 1962 жылы туған әйел орташа дәрежеде уланып, аурухананың қабылдау бөлмесіне жатқызылды”, – делінген ҚР ТЖМ ресми хабарламасында.

Абай облысының ТЖД жеке үй құрылыстарының иелеріне пештерді пайдалану қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button