Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семей қаласының орталық бөлігінің тұрғындары сусыз қалды
Құбырдың жарылуына байланысты Семейдің орталық бөлігінің тұрғындары сусыз қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ұранхаев көшесі бойынша, Шмидт көшесінен Шайжүнісов көшесіне дейін су беру ажыратылды (Казачий тұйық көшесі, Герцен көшесі, Ильяшев көшесі, Шмидт көшесі 9/3 , 9/2, 9/1 диагностикалық орталық, Медакадемия, ҚазИГЗУ).
“Семей Водоканал” МҚК тұрғындардан қажетті су қорын қамтамасыз етуді, сонымен қатар келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды”, – делінген сумен жабдықтау ұйымының хабарламасында.
Semeynews.kz