ҚазақстанҚоғамМәдениетМерекеТОП

Жетісуда Наурыз мейрамы қарсанында Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

Шараға Абай облысынан арнайы өкілдер, сол қатарда Құнанбай қажының тікелей ұрпағы Хусман Верлишев, сол сияқты өнер майталмандары, өңірдегі ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ескерткіштің ашылу салтанатының шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Абай» қойылымының үзіндісімен ашылды.

Құнанбай қажының ұрпағы Хусман Верлишев Абай облысы әкімінің және ақынның туған өлкесінің ыстық сәлемін жеткізіп, батасын берді. Бұдан әрі мереке Абай әндерімен жалғасты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры 5,3 м, мүсіні – 3,6 м. Ескерткіштің идеясын ұсынған авторлардың бірі, белгілі сәулетші марқұм – Ақмырза Рүстембеков. Мүсіншісі – Мейірлан Әзмағанбетов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button