Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде қатаң режимді колония қызметкерлері мерекенің символы – Наурыз көже дайындады

Бүгінде иығына үлкен жауапкершілікті арқалаған Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері дәстүрлі костюмдер киіп мерекені ұлттық стильде қарсы алды. Онымен қоса киіз үйді безендіріп, халықтың жаны, оның тарихы, салт-дәстүрлері айнадағыдай көрініс тапқан, қазақтың ұлттық асханасындағы тағамдарымен де дастархандыда жайнатты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жомарт дастархан-наурыздың маңызды бөлігі. Ол байлық пен молшылықты білдіреді. Мерекені қалай қарсы алсаңыз, келесі жылды да солай өткізесіз деген сенім бар. Сондықтан мекеменің әйелдер қауымы ерлер қауымы мен қонақтарға арнап түрлі тағамдармен қуантуға тырысты. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Кез -келеген дастарханда өлілерге Құран бағыштап отыратыны да белгілі. Осының бәрін ескеріп мекеме қызметкерлері,ең адымен иіс шығарып,қазақтын шелпегін жасап, құран оқыды. Әрі қарай мекеменің үлкендері жастарға шеберлік сабағын өткізді десе де болады. Қазақтын ұлттық тағамдары қазы-карта, жал-жая, бешбармақ, бауырсақ, сондай-ақ мерекенің символы-Наурыз көже сияқты дәстүрлі ұлттық тағамдар жасалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button