№2 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Азамат Төкенұлы 110 рет иықтағы қошқармен отырып-тұрып рекорд орнатқан болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тері комбинаты алдында өткен “Махамбет Өтемісұлы” ауылында Наурыз мейрамы аясында “иығында тірі қошқармен отырып-тұру” жарысы кезінде Жоламан кентінің тұрғыны Сафаргалиев Рустам 135 рет иығында қошқармен отырып және аяғына тұра алды және бүгінгі күннің рекордты жаңартты.
Жеңімпаз қошқарды да сыйлық ретінде алды.
Semeynews.kz