Абай облысыБілімСемейТОП
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ – МЕЙІРІМДІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Ұлыстың ұлы күні қашаннан қайырымдылық жасап, сауап алатын мереке. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлылық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұсауын кескен «Жүрек жылуы» челленджін қолдау мақсатында Шәкәрім университеті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және толық емес отбасынан шыққан Семей қаласының 17 мектеп түлегіне “Шәкәрім грантын” табыс етті.
Айта кетерлігі, осы күнге дейін білім ордасы Абай облысы аудандарының 9 мектеп түлегіне грант табыстады.
Ұлыстың ұлы тойы – Наурыз мерекесі қарсаңында жасалған игі іс берекелі болсын! Барша қазақстандықтарды аталған челленджі қолдауға шақырамыз!
Semeynews.kz