Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Семейдің шеткері аумақтарында аталып өтті
Степной, Водный, Шығыс кенттері мен Дальняя, Юность аудандарында «Наурыз мейрамы-2023» мерекесіне арналған ұлттық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мерекелік шараны 8000-ға жуық адам тамашалады. Степноц кентіндегі Наурыз мейрамына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.
⁃ Өздеріңіз білетіндей қаланың шеткері аумақтарында менің инпекторларым бар. Кенттердегі Наурыз мейрамын сол инспекторлар ұйымдастырды. Ертең, 22 наурызда, орталық алаңда және әртүрлі аумақтарда киіз үйлер тігіліп, ұлыстың ұлй күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілетін болады. Сол шараға барша семейліктерді шақырамын,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар, қалалық мәдениет сарайының әншілері өнер көрсетіп, арқан тартысу, асық ойыны, қой көтеру сынды ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Тұрғындарға Наурыз көже, бауырсақ, палау тегін таратылды.
Semeynews.kz