Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП
Семей полицейлері қару-жарақ қоймасын тапты

Семей шетіндегі саяжай алаптарының бірінен қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Облыс орталығы маңындағы саяжай алаптарының бірінде учаскелік полиция инспекторы скотчпен оралған полиэтилен қапты тапты, онда калибрлі 12 мм ИЖ-56, Белка №-А-2691 атыс қаруы, 8 мм калибрдегі шетелдік өндірістегі Агент-Рекс газ тапаншасы, нөмірі жоқ, белгісіз үлгідегі ойық қару, калибрі 12 мм болатын оқтар, 22 мм калибрлі патрондардың қаптамасы болды”, — делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semeynews.kz