Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Семейлікке жеке клиникада тегін ота жасау жүргізілді

Медициналық сақтандыру қорының басты міндеттерінің бірі әрбір қазақстандық үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету болып табылады. МӘМС жүйесі аясында сіз өз емханаңыздан ғана емес, жеке клиникаңыздан да жолдама бойынша Медициналық қызметтердің кең спектрін ала алатыныңыз белгілі.

Ағымдағы жылы Абай облысының филиалы 66 жеткізушімен, оның ішінде жекеменшік – 33 және 33 мемлекеттік жеткізушімен шарт жасасты.

Медициналық сақтандыру қорының арқасында Семей тұрғыны «СемейОфтум» жеке клиникасында офтальмологиялық операцияны тегін жасата алды.

«Науқас «СемейОфтум» клиникасына сол жақ көздің көру қабілетінің нашарлауына байланысты жүгінді. Бұған дейін, 2022 жылдың тамызында оң көзі қабықтың тесілген жарасына байланысты алынып тасталған. Толық офтальмологиялық тексеру барысында сол жақ көзде жасына байланысты катаракта анықталды, науқас сол жақ көзімен тек 20% ғана көрді және көздің көру қабілетін сақтап қалу үшін операциялық ем ұсынылды. Кейін мамандармен кеңесу тағайындалып, науқас операция алдындағы қажетті медициналық тексерістерден өтті14 наурызда Абай облысының бас офтальмологы, офтальмохирург Қасымова Надия науқасқа операция жасады. Операция асқынусыз сәтті өтті», – дейді клиниканың офтальмологы Ешкенова Әйгерім.

«Көп рахмет, операциян ешқандай ауыртпалықсыз өтті. Операцияға дейін мен нашар көрдім, кейде жақын маңдағы заттарды ажырата алмадым, қазір әлдеқайда жақсы. Көрсетілген кәсіби медициналық көмек үшін тағы да алғыс айтамын. Операцияның тегін болғаны қуантады, өйткені көптеген адамдар қымбат емнен қашады», – дейді науқас.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button