Абай облысында автобус жүк көлігімен соқтығысты
Абай облысында автобус жүк көлігімен соқтығысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың 18 наурызында сағат 23:30 шамасында 60 жастағы жүргізуші “Алматы-Өскемен” автожолының 735 шақырымында “SETRA” жолаушылар автобусын басқарып келе жатып, қауіпсіз қашықтықты таңдамай “RENAULT”жүк көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген.
Екі адам зардап шегіп, ауруханаға жатудан бас тартты.
Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Абай облысты Полиция департаменті әрбір жүргізушіге жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.
Semeynews.kz